Қоғам

«Толық сау!»: Жындыханаға күштеп жатқызылған ананың денсаулығына қатысты қорытынды шықты

10:15, 23 қазан 2025 31

Қоғам белсендісі Ақмарал Басирова Facebook-тегі парақшасында әпкесінің жалған сөзінен кейін психикалық ауруға шалдыққандар орталығынан тексеруден өткен көпбалалы ана Жұлдыз Тлеуф туралы жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, көпбалалы ананы орталықта 24 маман тексеріп, дені сау деген қорытынды шығарған. 

«Актөбелік көпбалалы ана Жұлдыздың жанайқайын кім естиді? Соңғы күндері бұл әйелдің оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бастапқыда оған қойылған диагнозбен біз келіспедік, себебі Жұлдыз психиатриялық ауруханаға туған әпкесінің жалған мәлімдемесі негізінде түскен. Бұл жағдай әйелдің психикасына ауыр соққы болып, балаларына да үлкен күйзеліс әкелді. Дегенмен біз шындық жеңеді деп сендік.

Жуырда Жұлдыз Алматы қаласындағы Психикалық денсаулық орталығына жіберілді. Он күн бойы оны психологтар, профессорлар мен кафедра меңгерушілері мұқият тексерді.

Бүгін 24 маманнан құралған консилиум қорытынды шығарды: «Толық сау!» Бұл қорытынды – әділдіктің орнауына қарай жасалған маңызды қадам.

Енді басты сұрақтар туындайды:
Ана мен оның балаларының өмірін бұзған жалған диагноз үшін кім жауап береді? Әпкесінің өтініші негізінде әйелді психиатриялық ауруханаға жатқызуға қандай заң рұқсат береді?», деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз