$ 447.85
 513.46
 5.31

Тоқаев Конституциялық Соттың 10 судьясын тағайындады

Редактор
23.09.2026, 10:55
Ақорда
Ақорда
бүгін Құрылтай депутаттары осы адамдардың кандидатураларына келісім берген еді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Соттың 10 судьясын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Айта кетейік, бүгін Құрылтай депутаттары осы адамдардың кандидатураларына келісім берген еді. Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Құрылтайға келіп, «Қазақстан Республикасының Президентіне Конституциялық Соттың судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім беру туралы» баяндама жасаған.

Кейін Ақорда Тоқаевтың Жарлығын жариялап, он адамның судья болып тағайындалғанын хабарлады:

"Сәкен Абдолла Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Лейла Сұлтанқызы Жақаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Сергей Васильевич Скрябин Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Аслан Сұлтанұлы Тукиев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Сергей Федорович Ударцев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау