Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Израиль президенті мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтаған.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылаған.
Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.
Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.
Сонымен қатар Ицхак Герцог Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалаған.
Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.