Қазақстанда үш жылдан бері «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы іске асырылып келеді. Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді таратуға және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба - «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен іске асырылып жатыр.
Журналист Ербол Сейілхан Арал қаласы мен Шұбарқұдық кентіндегі тірек мектептерінде болып, осы жоба аясында іске асырылған ауқымды өзгерістердің куәсі болып қайтты.
Сұхбаттың толық нұсқасы Erbol Seilkhan ютуб арнасына жүктелді. Көріңіз!