2025 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталған. Олардың біреуі бұрын соттылы болған.
Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды. Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.