Перизат Қайратқа дене жарақаттары келтірілмеген. Сондықтан оның шағымы расталмады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Перизат Қайраттың айтуынша, оқиға 9 маусымда болған. Ол тергеу изоляторы қызметкерлерінің бірі камераның есігін күшпен жауып, салдарынан есік арасына қысылып қалып, жарақат алғанын мәлімдеген.
Прокуратура бұл материалдарды Астана қалалық полиция департаментіне жолдаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынған.
Алғашқы тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған Перизат Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды, - делінген полицияның ақпаратында.
Айта кетейік, Перизат Қайрат алдын ала өткен сот тыңдауында тергеушілер өзін ұрып-соққанын айтқан.
Мен моральдық тұрғыдан әбден шаршадым, айналамда осыншама резонанс. Мені тергеу изоляторының қызметкерлері ұрғанын енді ашық айта аламын. Астана қаласының прокуратурасында қылмыстық іс қозғалды. Қазір жағдайым жақсы, - деді Перизат Қайрат
Перизат Қайратқа қайырымдылыққа бөлінген 3 млд теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Тергеушілердің күдігінше, оның 1,5 млд теңгені бас пайдасына жаратқан. Сотталаушылар қатарында Перизат Қайраттың анасы да бар.
Тағы оқыңыз: Перизат Қайрат изоляторда таяқ жегенін айтып, жылап қалды