Аймақ

Теміртауда фельдшер әйелді әріптесі ұрып-соққан (ВИДЕО)

15:51, 17 сәуір 2025 79

Теміртау қаласында кезекшілік кезінде фельдшер әйел әріптесінің қатыгез шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оқиға 13 сәуірде шамамен сағат 22:45-те Жедел медициналық жәрдем станциясы аумағында болған. 1995 жылы туған фельдшер қыз телефонмен сөйлесіп тұрған сәтінде, алкогольдік мас күйінде болған әріптесі — фельдшер А. кенеттен оған жақындап, «сөйлесейік» деген сылтаумен тамағынан қысып, жерге жығып, ұрып-соға бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті жәбірленушіні беттен ұрып, шашынан тартып, жерге сүйреген. Әріптестері оны қаскөйдің қолынан әрең құтқарып қалған. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленуші – 30 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны. Ал күдікті – 29 жастағы азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында бұл жанжалдың қызметтік міндетке қатысы жоқ, жеке реніш салдарынан туындағаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекс негізінде іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаға қатысты барлық мән-жайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз