Аймақ

Жаттықтырушы қаза тапты: Жарысқа бара жатқан балалар жол апатына түсті

11:55, 19 сәуір 2025 72

 

Жарысқа бара жатқан балалар жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 18 сәуірде «Астана – Ерейментау – Шідерті» автожолында болған. «Mercedes» маркалы микроавтобустың жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде көлік тізгінін игере алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Көлік ішінде Павлодардан Астанаға спорттық жарысқа бет алған 14–16 жас аралығындағы 16 жасөспірім және олардың жаттықтырушысы болған. Апат салдарынан жаттықтырушы оқиға орнында көз жұмды.

Барлық балалар жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті жеке спорт мектебінің басшылығы сапар туралы полицияға алдын ала ескертпегенін хабарлады. Салдарынан патрульдік полицияның ілесіп жүруі ұйымдастырылмаған. Бұл жағдайға байланысты қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз