Павлодарда жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында «Қалқаман-Керней» автожолының 250-шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі автомобильдердің бірінің қарсы жолаққа шығуы болды.
Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қайтыс болды. Әртүрлі жарақаттары бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.