Спорт

Қазақстандық спортшылар конкур бойынша Әлем кубогында жүлделі орындарға ие болды

17:10, 20 сәуір 2025 22

Қазақстандық спортшылар конкур бойынша Еуразиялық Лигадағы Әлем кубогы кезеңінде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

17–20 сәуір аралығында Ташкентте (Өзбекстан) конкурдан Еуразиялық Лигадағы Әлем Кубогының кезеңі өтті. Қазақстан бұл беделді турнирге алғаш рет қатысып отыр.

Еліміздің намысын қорғаған екі спортшы да жүлделі орындарға ие болды: Ксения Баталова Lady Di тұлпарымен (160 см биіктіктегі 6-шы маршрутта) күміс жүлдені иеленді. Нұрила Турысбекова Nagano B атты тұлпармен (130 см биіктіктегі 5-ші маршрутта) қола медальға ие болды.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мықты шабандоздары қатысты. Бұл Еуразиялық лиганың күнтізбесіне енгізілген және Халықаралық маусымның маңызды кезеңі болып табылады. Қазақстандық спортшылардың бұл жарыстардағы нәтижесі халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдейді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз