Путин Пасха кезінде бітім жариялауына байланысты екі ел өзара тұтқындарымен алмасты деп хабарлайды bairaqmedia.kz
19 сәуірде Ресей президенті Пасха кезінде барлық әскери шабуылды тоқтатуға бұйрық берді. Зеленский бұл бастаманы қолдап, үнсіздік мерзімін 30 күнге ұзартуды ұсынды.
Пасха бітімінің аясында тұтқындармен алмасу болды. Әр жақтан 246 адам босатылды. Сондай-ақ, Украина 31, Ресей 15 жараланған әскери қызметкерді қабылдады.
"Наш выход" қоғамдық қозғалысы жариялаған Украина босатқан тұтқындар тізімінде Қазақстанның екі азаматы бар.