Спорт

Темірлан Анарбеков желіде күтпеген жазба жариялады

15:58, 28 тамыз 2025 35

«Қайрат» клубының қақпашысы, қазақ футболының жаңа жұлдызына айналған Темірлан Анарбеков Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Бүкіл Қазақстанға және әр жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін рахмет! Бұл жетістік - бәріміздің ортақ жеңісіміз. Бірге біз мықтымыз», - деп жазды ол.

Айта кетейік, 21 жастағы «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» қарымта матчтың басты қаһарманы атанып, алматылық клубтың тарихи жетістікке жетуіне көмектесті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз