Аймақ

Telegram арнасының негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келеді

15:47, 17 қыркүйек 2025 13

2-4 қазан күндері Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтеді. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл шараға Telegram арнасының негізін қалаушы Павел Дуров келетінін хабарлады, деп жазады bairaqmedia.kz.

Министрдің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлауынша, 2025 жылғы 2 қазанда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы ресми түрде ашылады.

Салтанатты рәсім аясында жетекші әлемдік сарапшылар мен технология саласының көшбасшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз