Аймақ

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін соққыға жықты

14:48, 17 қыркүйек 2025 12

Алматы бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, 28 тамызда Жетісу аудандық полиция басқармасына қала тұрғынының дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек бойынша 36 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Алматы қаласының полициясы азаматтарға қатысты кез келген құқықбұзушылық дерегі бойынша қағидатты ұстанымда. Барлық материал объективті түрде қаралып, тергеу аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз