Шоу-бизнес әлемі

«Қайтесіз өздері білсін»: Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні бар шындықты айтып берді

11:10, 17 қыркүйек 2025 69

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен келінінің ара-қатынасы туралы бар шындықты айтып берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы әншінің отбасына қатысты сұрақ қойған.

«Бәріне Қайрат пен Жұлдыз жұмбақ болды. Қайратты бәріміз жақсы көреміз. Әндері ерекше, тамаша. Енді сол бәріне жұмбақ болды ғой. Жұлдызбен тұрама, ажырасты ма. Қызын неге дүркіретіп шығарып алмады? Жұмбақтамай бәрін түсіндіретін уақыт болды ғой», - деп сұрақ қойған. 

Ал продюсер ұлы мен келіні ажыраспағанын және қазір бірге екенін айтып, жауап берді.

 «5 баласын тастап қайда кетуші еді. Бірге әрине. Бірге жүргендерін сала ма, жоқ па өз қалаулары ғой. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой. Қайтесіз өздері білсін. Мен өзім үшін жауап берсем жеткілікті», – деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз