Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Taza Time: тазалық – ортақ міндет» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Аталған іс-шара жастардың экологиялық сауатын арттыру, тазалықты тұрақты әдетке және өмірлік ұстанымына айналдыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сарқан ауданында өткен кездесу барысында «Sarqan jastary» филиалының жетекшісі Бауыржан Жантасов экологиялық сананы қалыптастырудың нақты тетіктеріне тоқталды.
Алдағы уақытта «Taza Time» қозғалысын тұрақты насихаттап, тазалық акцияларын жиі өткізу – біздің ортақ міндетіміз. Сіздердің әрқайсыңыздың осы шараларға белсенді қатысуларыңыз қоғамға оң ықпал етіп, жастар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосатыны анық. Ең бастысы, «Таза ой – таза орта - таза болашақ» қағидасын ұстанып, тазалықты өмір салтымызға айналдырайық, - деді ол.


Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, қатысушылар ашық пікір алмасты, өз ұсыныс-тілектерін білдірді, тазалықты өмір салтына айналдыру туралы ортақ үндеу қабылданды.