Қоғам

«Тасжүрек»: Атырауда 80 жастағы қарияны 8 баласы қараусыз қалдырған

15:09, 07 тамыз 2025 51

Атырау қаласының 80 жастағы тұрғыны 8 баласы мен немересін өзіне алимент төлеуге міндеттеу үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Зейнеткердің айтуынша, ол 10 жылдан астам уақыттан бері жалғыз тұрады.

Қария сотта тек 1 ұлы ғана байланыс жасап тұратынын, ал қалғандары моральдық та, материалдық та көмек көрсетуден мүлде бас тартқанқанын айтқан.

Талап-арызда қария денсаулығының нашарлап, қаржылық жағдайының қиындауына байланысты қолдауға мұқтаж екенін атап өтті. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 145-бабының 1-тармағына сәйкес, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Сондай-ақ, осы кодекстің 153-бабында ата-анасынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) көмек ала алмайтын жағдайда еңбекке жарамсыз аталар мен әжелердің немерелерінен алимент өндіруге құқығы бар екені көрсетілген, - деп жазылған Жоғарғы сот хабарламасында.

Атырау қалалық соты істі қарап, талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде сегіз баласының әрқайсысы мен бір немересінен зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмек алуына арналған шығын үшін 3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде алимент өндіру туралы шешім шығарылды.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз