Қаржылық мониторинг агенттігі «Таразэнергоцентр» АҚ-ның 100% акциясын мемлекеттік меншікке қайтарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ҚМА ақпаратына сәйкес, тергеу нәтижесінде айыпталушылар заңсыз монополиялық жоғары табыс алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны анықталған.
Олар мемлекетке тиесілі 4,3 млрд теңгені жымқырып, бұл қаражатты бақылауындағы қолма-қол ақшалай айналым жасайтын кәсіпорындар арқылы заңдастырған, – делінген хабарламада.
Сот үкімімен 8 адам 3 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.