YouTube

Тақ ойыны басталды. Сот жүйесі басынан шіріп жатыр. ЛГБТ-ға қарсы шықпа деп сыйлық ұсынды

09:47, 05 қараша 2025 29

Заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспанмен қоғамда күйіп тұрған біраз мәселені талқыладық, талдадық. Есілдің сол жағалауындағы ықпалды саясаткерлерге жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар, алдағы сайлауларға байланысты күшейген саяси ойындарды сөз еттік.

Ақорда мажоритарлық сайлау жүйесінен бас тартпақшы. Билік бірмандатты депутаттардан қауіптеніп отыр ма? Бірмандаттылар өз қадірін өздері кетіріп жүрген жоқ па?

Қазақстанға қандай партия қажет? Құспанның айтуынша, қасіретті қаңтар оқиғасын болдырмауға болар еді. Кім? Қалай? Қоғамда протестік көңіл-күй бар ма?

2000 сотталушыны түрмеден мерзімінен бұрын заңсыз босатпақ болған кімдер? Басынан шіріген сот жүйесі, еліне опасыздық жасаған қашқындар. Бергей Рысқалиев пен Әкежан Қажыгелдиннің елге оралуға мүмкіндігі бар ма? 

Қазақ ұлтына тіл тигізу мен тіл дауы. Атышулы 174-бапты күшейту қажет пе?

Сұхбат барысында «Қазақстанда тоқал алуды заңдастыру қажет пе?» деп сұрап қалдым. Абзал Құспан заңгер ретінде жеке пікірін білдірді.

Бұл сұрақтарға жауаптың бәрі сұхбатта.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз