Аймақ

Тамақтан орып жіберген: Отбасын қырып салған жігіттің қандай ойынға тәуелді болғаны белгілі болды

12:00, 20 қаңтар 2025 255

Астанада 21 жастағы жігіт өзінің немере ағасын өлтіріп, ал үш туысын пышақтап тастаған жігітке қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында компьютерлік ойынға байланысты жанжал туындаған. 

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, 21 жастағы жігіт туыстарының бәрін тамақтан орып, бірнеше жерден пышақтаған.

«Ойыннан өрт шықты!
Қанша жерден мал құлағы саңырау десек те, бұл сұмдықты ел білу керек. Астаналық 21 жасар жігіт өз отбасын қырып салды. Ойынның соңына түскен геймер түнгі 03:00 болғанын да білмеді:

- Телефонды қой! Осы ойынды ойнамашы, ұйықтайық деп ескертеді тәтесі.
Бұл ескерту, әлбетте, ойынқұмарға жақпай қалады. Бәрі ұйықтағанымен, ол ұйықтамады. Есіл-дертін жаулаған онлайн-ойынның көмегімен жымысқы пиғылын іске асырды. Бір үйде тұратын жақын туыстары ұйықтады-ау дегенде бәрін тамақтан орып, пышақтап тастады.

Алдымен бауырын бас салады, оған 20 жерден пышақ салып үлгеріпті. Жақын бауыры сол жерде қайтыс болады, туыс қарындасы мен екі апасы қазір ауруханада. Жағдайлары ауыр. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желіде жігіт Standoff2 ойынына баспен кіріп кеткен деседі. Ұлтқа зиян, елге жау, адам психикасын улайтын қатыгездікке толы ойындарға неге тосқауыл жоқ???», - деп жазды журналист.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз