Қоғам

Талғардағы қайғылы жағдайдан кейін Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды

12:03, 24 қазан 2025 30

Алматы облысы Талғар ауданындағы былтыр қайғылы жағдайдан кейін Шерзат Болаттың отбасы жаңа өмірге қадам басты, деп хабарлайды. bairaqmedia.kz.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев отбасы бір жыл өткен соң жаңа баспанаға қоныстанғанын мәлімдеді.

Шерзат Болаттың отбасы бүгіннен бастап жаңа үйге орналасты. Бұл олардың ауыр сынақтан кейінгі өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы, – деді адвокат.

Отбасы мүшелері бұл қонысты үміт пен жаңғырудың нышаны ретінде қабылдап отыр.

Бір жыл бұрын болған оқиға ел есінде ауыр із қалдырғанымен, отбасы қазір жарақатын жаза бастап, жаңа өмірге бет бұрды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз