Қоғам

Талғарда атыс болып, 4 адам жарақат алды

16:31, 10 мамыр 2025 67

Алматы облысы Талғар ауданында тағы да атыс болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматы облысы полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Атыстан 4 адам жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Ал, бір адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Ауруханаға жеткізілген төрт күдіктіні полиция күзетіп тұр. Бір айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Атысқа қатысқан қалған адамдарды қазір полицейлер іздеп жатыр екен. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз