Талғар қаласының бұрынғы әкімі такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүргенін айтты

Редактор
16.03.2026, 10:33
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қазіргі таңда көлікті жалға алып, жолаушы тасымалдаумен айналысады.

Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында қазір үйде бос отырмай, такси саласында еңбек етіп жүргенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның сөзінше, қазіргі таңда көлікті жалға алып, жолаушы тасымалдаумен айналысады.

Еске салайық, 2026 жылдың ақпан айында Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ол бұл шешімді денсаулық жағдайына байланысты қабылдағанын айтқан.

Ол қала әкімі қызметінде бір жылдан астам уақыт — бір жыл екі ай жұмыс істеді.

Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл қызметке 2024 жылдың желтоқсан айында өткен сайлауда жеңіске жеткеннен кейін тағайындалған еді.