Аймақ

Талдықорғанда өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алды

15:04, 07 мамыр 2025 31

Талдықорғанда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 7 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Көктөбе көшесінде орналасқан екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйдің шатыры жанған.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті толықтай сөндіріп, үйден жеті газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үш куәгер - полиция, ТЖД және газ қызметінің қызметкерлері жұмыстан тыс бос уақыттарында өрт болған үйден 3 кәмелетке толмаған баланы құтқарды, – делінген хабарламада.

Алдын ала жану аумағы – 250 шаршы метр. Тұрғындар өздері далаға шыққан.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз