$ 447.8
 516.76
 5.3

Миллиардер Рахымбаев әкесі салған үйді мұғалімдерге бермек

Редактор
15.09.2026, 21:04
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Рахымбаев бұл үйде балалық шағы өткенін айтты

Кәсіпкер Айдын Рахымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы туған ауылы Құлынжоннан әкесі салған үйді қайта сатып алғанын айтты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оның сөзінше, әкесі үйді осыдан 30 жыл бұрын екі фляга майға сатып жіберген. Рахымбаев бұл үйде балалық шағы өткенін айтып, төрт бөлмеде ата-анасы, әжесі, бауырларымен бірге тұрғанын еске алды.

«Әкем салған үйді қайтадан сатып алдық. Отыз жыл бұрын әкем оны екі фляга майға беріп кеткен еді. Осы үйде менің балалық шағым, бүкіл әлемім сыйып тұрған төрт бөлме», – деп жазды ол.

Кәсіпкер үйді жөндеп, Құлынжон ауылындағы мектеп мұғалімдеріне беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, өзі 1989 жылы осы мектепті тәмамдаған. Жақында ауыл мектебінің жаңа корпусы ашылғандықтан, мұғалімдер саны да көбеймек.

«Қара шаңырағымыз отбасымызға қызмет етті, енді ұстаздарға, мектепке, ауылға пайдасы тисін. Қайырлы болсын!» – деді Айдын Рахымбаев.

Айта кетейік, Айдын Рахымбаев — қазақстандық кәсіпкер, BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы және акционері. Ол құрылыс саласындағы ірі бизнесімен қатар, «Дом мамы», IQanat сияқты әлеуметтік және білім беру жобаларына қолдау көрсетіп келеді. 2026 жылғы Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің алғашқы ондығында

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау