$ 447.8
 516.76
 5.3

«Қазақтелеком» Құлсарыдағы жаңа үйлерді оптикалық желіге қосты

Редактор
15.09.2026, 16:42
Дереккөз
Дереккөз
Бұл үйлер 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған

Құлсарыдағы «Болашақ» шағынауданындағы 100 үйдің барлығы «Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықты интернетіне қосылуға мүмкіндік алды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл үйлер 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған. Компания мұнда GPON технологиясы бойынша оптикалық желі тартып, тұрғындар қоныстанғанға дейін әр үйді интернетке қосуға қажетті инфрақұрылымды дайындады.

2024 жылдың көктемінде Құлсары Атырау облысында су тасқынынан ең көп зардап шеккен қалалардың бірі болды. Көптеген отбасы баспанасынан айырылды. Сол тұрғындар үшін қалада 100 үйден тұратын жаңа «Болашақ» шағынауданы салынды.

Жаңа үйлермен бірге мұнда заманауи байланыс желісі де жүргізілді. «Қазақтелеком» GPON технологиясы бойынша оптикалық желі тартып, шағынаудандағы әр үйге жоғары жылдамдықты интернет қосуға мүмкіндік жасады.

Жаңа жерге көшкен тұрғындарға енді интернет желісінің тартылуын күтіп отырудың қажеті жоқ. Олар көшіп келген күннен бастап интернетті жұмысқа, оқуға, жақындарымен байланысуға және күнделікті қажетіне пайдалана алады. Әсіресе жаңа оқу жылы басталған кезде балалары бар отбасылар үшін интернеттің қолжетімді болуы маңызды.

Шағынауданда GPON технологиясы қолданылады. Бұл технологияда оптикалық талшық тікелей үйге дейін жеткізіледі. Соның арқасында бірнеше құрылғы бір уақытта интернетке қосылса да, байланыс жылдам әрі тұрақты жұмыс істейді.

«Біз үшін ғжаңа үйлерге көшіп жатқан отбасылардың байланыс қызметтерін бірден пайдалана алуы маңызды болды. Сондықтан “Болашақтағы” телекоммуникациялық инфрақұрылымды тұрғындар қоныстанғанға дейін дайындадық. Оптикалық желі шағынаудандағы 100 үйдің барлығын қамтиды. Тұрғындар жаңа үйге көшкен алғашқы күннен бастап интернетті жұмысқа, оқуға, жақындарымен байланысуға және күнделікті шаруаларын шешуге пайдалана алады», – деді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионы Батыс өңірінің коммерциялық қызмет жөніндегі өңірлік директоры Таңшолпан Құрманғазиева.

«Болашақ» шағынауданын интернетпен қамту – «Қазақтелекомның» Атырау облысындағы оптикалық желіні дамыту жұмыстарының бір бөлігі. 2026 жылдың басынан бері өңірдегі 40 көпқабатты үйде жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігі жасалды. Бұл үйлерде барлығы 4 741 үй шаруашылығы бар.

Компания қолданыстағы тұрғын аудандарда да, жаңадан салынып жатқан нысандарда да оптикалық желіні кеңейтуді жалғастырып келеді. Негізгі мақсат – жаңа үйлер пайдалануға берілген кезде тұрғындардың интернетке бірден қосылуына мүмкіндік жасау.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау