$ 447.8
 516.76
 5.3

Қазақстанда Цифрлық активтер және төлем жүйелері комитеті құрылады

Редактор
15.09.2026, 12:43
primeminister.kz/
primeminister.kz/
Ұлттық банк цифрлық қаржы құралдарын халықаралық есеп айырысуларда пайдалану мүмкіндігін пысықтайды

Қазақстанда Цифрлық активтер және төлем жүйелері комитетін құру жұмыстары жеделдетіледі, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық активтер нарығында бәсекеге қабілетті жағдай қалыптастыруды тапсырды. Оның айтуынша, қабылданатын шаралар Қазақстан экономикасына капиталды қайтаруға, ішкі нарықты дамытуға және халықаралық инвесторларды тартуға ықпал етуі тиіс.

«Қазақстан цифрлық активтер айналымының алаңы ғана емес, осы сала үшін өз өнімдерін әзірлеп, жоғары білікті мамандарын даярлайтын ел болуы керек», – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Жасанды интеллект министрлігіне Ғылым министрлігі және басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық технологиялық компаниялардың дамуына жағдай жасау тапсырылды.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк цифрлық қаржы құралдарын халықаралық есеп айырысуларда пайдалану мүмкіндігін пысықтайды. Үкімет мұндай тетіктер төлемдерді жылдамдатып, қазақстандық бизнестің мүмкіндіктерін кеңейте алады деп есептейді.

Отырыс қорытындысында Премьер-министр Ұлттық банк әзірлеген Цифрлық активтер нарығын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдауды ұсынды. Құжат цифрлық активтерді экономикада қолдану аясын кеңейтіп, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау