Спорт

Таиландтағы турнир: Төрехан Сабырхан чемпион атанды

08:37, 02 маусым 2025 108

 

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Төрехан Сабырхан (70 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап

Қазақстандық спортшы финалда өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетсек, Төрехан жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алған.

Төрехан былтыр қараша айында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз