"Қызыма әлеуметтік желіден бір ер адам жазады. Танымайды да, ешбір артық әңгіме айтылмаған. Іле-шала ватсап желісіне бір әйел жазып, қызыма қоқан-лоқы көрсетеді. Айтуынша, менің қызым оның жігітін тартып алыпты. Бірақ қызым ол ер адамды блоктап тастағанын айтып, дәлелін де көрсеткен", - дейді жасөспірім қыздың анасы Индира.
"Қызымды ұрған, намысына тиетін сөздер айтқан. Онымен қоймай қолына темекі күйдіріп басқан. Сол екі әйелдің өздері барлық әрекеттерін бейнекамераға түсіріп отырған. Содан Шелек ауылынан Масақ ауылына қарай апарады. Ауылдың өзі емес шамамен 15 минуттық жердегі өзенге апарып, тыржалаңаш шешіндіріп, ұрып-соғып, тастай суық өзенге отырғызып қояды. Сол жерде бірнеше рет суға тұншықтырады", - дейді анасы.
"Сол щеткамен қызымды зорламақ болған. Судан есеңгіретіп шығарып алып, жуан таяқпен қызымның жыныстық мүшесіне зақым келтірген. Ол әйелдер бұл әрекеттерінің бәрін бейнекамераға түсіріп, аса бір ләззатпен рахаттанып істеген. Ол бейнежазбаларды мен өз көзіммен көрдім. Жүрегім ұстап, талып қала жаздадым. Адам баласы да осыншама айуандыққа барады деп еш ойламаппын. Дап-дардай екі әйел әртүрлі әрекет жасаған сайын рахаттанып, мәре-сәре болып жүр", - дейді жасөспірімнің анасы.
"Қызымды таяқпен зорлағанда қызым жанұшыра айқайлап жатыр. Қинаған әйел "үнін өшір, біреу естіп қояды" деп құрбысына бұйрық береді. Бюстгалтерін аузына тығып, тұншықтырып тастаған. Сөйтіп қайтадан өзенге батырады. Ойларына келгенді істеп, қызымның бетінен сүйіп "қандай әдемісің" деп аймалаған. Сөйтіп ауылдың шетіне әкеп тастайды, қызымның телефонын өздеріне алып алған. Егер біреуге айтатын болсаң мына бейнежазбаның бәрін әлеуметтік желіге саламыз" деп қорқытқан", - дейді жәбір көрген қыздың анасы.
"Анашым, өмір сүргім келмейді" деп жылай береді. Бір уақытта маған бір әйел хабарласып, "сіз мамасы боласыз ба? Қызыңызға ие болыңыз. Сіздің қызыңыз менің жігітіммен араласпасын, мен онымен сөйлестім" дейді. Мен ол кезде қызымның таяқ жегенін ғана естігенмін. "Сен тыңда мені, мен келемін, 30 жастағы екі әйел 16 жастағы қызыммен есеп айырғыларың келген екен, енді мен сөйлесемін сендермен" дедім. Олар қызымды барынша қорқытумен болады", - дейді анасы Индира.
"Полиция бөліміне кірудің өзі өте мұң болды. Таңғы тоғыздан түнгі сағат үшке дейін жүрдік. Кезекші бөлім бізге ауруханаға барып, экспертиза тапсыр деді. Әркімге бір сілтеп біраз сағат жүрдік. Ол жерде қызымның құрбысының әкесі жұмыс істейді екен. Сол бізді көріп қалып, содан арыз жаздық", - дейді жәбірленуші тарап.
"Жаңағы қызымды қинаған басты күдікті әйелдің әке-шешесі келіп кешірім сұрады. Бірақ олардың айтуынша, ол әйелдің күйеуге шығу туралы ойы болмаған. Әрине үлкен кісілер, жаным ашыды. Бірақ кешірім бермеймін. Ал екінші күдіктінің екі баласы бар әйел екен. Ол ана бола тұра осындай әрекетті дәті шыдап қалай жасады екен... Естуімше, жігітін қызғанған отыздағы әйел ауылдық әкімдікте қызмет етеді", - дейді жасөспірімнің анасы.
Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынды.
"Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушылардың жеке деректері жария болды деген мәліметтер тексеріліп жатыр", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.