$ 482.49
 556.75
 5.79

Тағы 150-ге тарта қазақстандық Израиль мен Ираннан эвакуацияланды

Редактор
20.06.2025, 21:29
Тағы 150-ге тарта қазақстандық Израиль мен Ираннан эвакуацияланды
Тағы 150-ге тарта қазақстандық Израиль мен Ираннан эвакуацияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Тағы 150-ге тарта қазақстандық Израиль мен Ираннан эвакуацияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды, - делінген СІМ хабарламасында.

Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда.