$ 471.04
 538.54
 6.17

Шымкентте оқушылардың жазғы лагері қалай ұйымдастырылады?

Редактор
12.06.2026, 09:00
Шымкент қаласының әкімдігі
Шымкент қаласының әкімдігі
 Биыл мегаполисте 245 мың оқушы лагерьге барады

Жаз мезгілі – балалар үшін ұмытылмас әсерлер мен жаңа білім алудың таптырмас кезеңі. Биыл Шымкентте оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мегаполистегі 245 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылады. Бұл – балалар демалысының қолжетімділігін арттыру бағытындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Биылғы маусымның басты ерекшелігі – балаларды орналастырудың әртүрлі форматтарында болмақ. Жалпы қамтылатын 245 мың баланың ішінде 225 мыңға жуық оқушы өздері білім алатын мектеп жанындағы лагерьлерде тынығады. Бұл ата-аналар үшін өте қолайлы әрі қауіпсіз әдіс болып саналады.

Сонымен қатар, 11 200 оқушы мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталған заманауи сауықтыру лагерьлері мен Оқушылар сарайына қарасты нысандарға жолдама алады. Олардың қатарында балалардың сүйікті орындарына айналған «Ақсу», «Машат-Арасан», «Үркер», «Үш бұлақ», «Турбаза Қазығұрт» және «Көктөбе-1» лагерьлері бар. Бұл нысандар табиғаты көркем Түлкібас, Қазығұрт аудандарында, Шымкент және Кентау қалаларында орналасқан. Мұндай географиялық әртүрлілік балалардың танымдық көкжиегегін кеңейтеді.

Бұған қоса жазғы демалыс баланың тұлғалық дамуына бағытталған. Лагерьлерде оқушылар үшін экскурсиялар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, музейлерге, саябақтар мен кинотеатрларға бару жоспарланған. Жоғары сынып оқушылары арнайы кәсіптік бағдар беру жобаларына қатысып, заманауи технологиялармен танысады және шеберлік сабақтарынан өтеді.

Айта кетейік, биыл жазғы сауықтыру лагеріне өтініштер қабылдау процесі толығымен электронды форматқа көшірілді. Ата-аналар QOSYMSHA ақпараттық жүйесі (https://qs.qarqynshym.kz/kz) арқылы өтініш жолдай алады.

Бұл кезекке тұру процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамыссыз етеді. Балаларды қабылдау ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда ол ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 158 бұйрығының 11-қосымшасына сай, қажетті құжаттар тізбесі қабылданады, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, аз қамтылған және әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалар бірінші кезекте қамтылады.

Осылайша, Шымкенттегі жазғы маусым ашықтық, әділдік және қолжетімділік қағидаттары негізінде ұйымдастырылып, мемлекеттік тапсырыстың тиімді орындалуын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау