$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Дариға Бадыкова күйеуімен бал айын қай елде өткізіп жатқанын көрсетті

Редактор
19.10.2026, 17:44
Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі
Жас жұбайлар демалыс үшін Катарды таңдаған

Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадыкова жұбайы Олжас Абаймен бірге бал айына аттанды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Жас жұбайлар демалыс үшін Катарды таңдаған. Олар Доха қаласындағы сән-салтанатымен танымал The Ritz-Carlton қонақүйіне орналасқан.

Дариға Бадыкова әлеуметтік желідегі парақшасында қонақүй мейрамханасында түсірілген видеоны жариялап, демалысының бір сәтімен бөлісті.

«Біздің бал айымыз», – деп жазды актриса Instagram Stories жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Дариға Бадыкованың Олжас Абайға тұрмысқа шығатыны туралы ақпарат тараған болатын.

Сондай-ақ желі қолданушылары актрисаға қатысты «сырға салу» дәстүрі түсірілген видеоны қызу талқылады. Қазақтың бұл дәстүрі бойынша болашақ ененің келініне сырға тағуы екі жастың отау құруына келісім берілгенін білдіреді.

Жарияланған кадрларда актрисаның болашақ енесі Жұмагүл оған ақ алтыннан жасалған, гауһар тастармен безендірілген сырға таққан.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау