$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

«Тауыңды қопарып тастайтын ағалар бар»: Төреғали Төреәлінің жазбасы назар аудартты

Редактор
20.10.2026, 09:26
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Төреғали Төреәлі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрлыбек Нәлібаевпен кездескенін айтып, әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі оны өнер адамдарының жанашыры деп атап, ерекше құрмет білдірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Әнші Нұрлыбек Нәлібаевпен туған күндері бір күн айырмашылықпен келетінін айтып, екеуінің де Сыр өңірінен шыққанын атап өтті.

«Жанашыр ағалар болады… 13 қазан Нұрлыбек Машбекұлы ағамның туған күні. 14 қазан менің туған күнім. Бір күннің аралығында туған, Сырдың топырағынан түлеген бізді тағдырдың осылай тоғыстырғанына да бір сәт ой жүгіртесің», – деп жазды әнші.

Төреғали Төреәлінің айтуынша, бұл кездесу жай ғана амандық сұрасумен шектелмеген. Екеуі өткен күндерді еске алып, алдағы жоспарлар мен ортақ мүдделер төңірегінде әңгімелескен. Сондай-ақ өнер иесі Нұрлыбек Нәлібаевтың қазақ өнеріне, әсіресе айтыс пен ақындарға қолдау көрсетіп жүргенін атап өтті. Әнші бұл жүздесудің өзіне ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.

Жазбасының соңында Төреғали Төреәлі Нұрлыбек Нәлібаевты туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

«Нұрлыбек аға, туған күніңіз құтты болсын! Жасыңызға жас қосылып, ғұмырыңыз ұзақ, берекелі болсын. Қазақ елінің абыройын асқақтатып, елге пайдалы істердің басынан табыла беріңіз! Біз жақта тау жоқ, бірақ тауыңды қопарып тастайтын ағалар бар…», – деп түйіндеді әнші.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау