$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

«Ұлым ұрып-соқты»: Атырауда 90 жастағы қария сот алдында жадынан айырылып қалды

Редактор
20.10.2026, 09:16
видеодан скрин
видеодан скрин
Ал әкесін ұрды деп айыпталған Қанат Сисенов тағылған айыпты жоққа шығарды

Атырау облысында өз ұлынан қорлық көргенін мәлімдеген 90 жастағы Әділхан Сисеновтің сот процесі басталар тұста денсаулығы күрт нашарлаған. Қарияның есте сақтау қабілеті әлсіреп, басынан өткен оқиғаларды ұмыта бастаған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін ақсақал кенже ұлының өзін ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы ас-сусыз қамап қойғанын айтқан. Оның сөзінше, түн ішінде терезеден шығып, туыстарының үйіне қашып барған.

Қарияның немересі Сәуле Әділхан тергеудің ұзаққа созылғанына қынжылып отыр. Айтуынша, атасы сотқа өзі барып, болған жағдайды баяндауға дайындалған. Алайда қазір денсаулығы сыр беріп, оқиғаны есіне түсіре алмай қалған.

Ал әкесін ұрды деп айыпталған Қанат Сисенов тағылған айыпты жоққа шығарды.

«Мен ұрудан аманмын. Мұның барлығы жала. Қазір іс сотта болғандықтан, ештеңе айта алмаймын», – деді ол.

Қарияның туыстары істің әділ қаралуын талап етуде. Оқиға Қызылқоға ауданында болғанымен, қылмыстық іс Атырау облыстық сотының шешімімен Жылыой ауданында қаралады. Сот процесі әлі аяқталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау