$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Дильназ Ахмадиеваның бейнебаяны дауға ұласты: Колледж басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін

Редактор
20.10.2026, 09:33
видеодан скрин
видеодан скрин
Түсірілім кезінде колледж директоры қызметтік іссапарда болған

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының колледжде түсірген бейнебаяны желіде қызу талқыланып жатыр. Алматы қалалық білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, түсірілімнің алдын ала келісілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Білім басқармасының мәліметінше, музыкалық бейнеклипті түсіруге ведомствоның алдын ала рұқсаты алынбаған. Түсірілім кезінде колледж директоры қызметтік іссапарда болған, ал оның міндетін атқарушы түсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген.

Басқарманың хабарлауынша, бастапқыда Дильназ Ахмадиеваның колледж студенттерімен кездесіп, өзінің өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы әңгімелесуі жоспарланған.

Алайда түсірілімнің нақты мақсаты, сценарийі мен дайындалатын бейнематериалдың мазмұны колледж әкімшілігі тарапынан тиісті деңгейде зерделенбеген.

Осы жағдайға байланысты түсірілім жұмыстарын тиісті келісімсіз ұйымдастыруға жол берген колледж директорының міндетін атқарушының тәртіптік жауапкершілігі қаралады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау