$ 462.87
 540.72
 6.16

Шығыс Қазақстанда жас жігітті атып кетті

Редактор
10.04.2026, 09:20
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 21 жастағы жігітті атып кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 сәуірде болған.

"Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті анықталып, дереу ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.

Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас ауыр жағлайда жеткізілгенін айтады. Бүгін санавиациямен облыс орталығы Өскеменге жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр.