«Student loan»: Грантқа ілінбеген талапкер кредитпен оқи алады
Келесі жылдан мемлекеттік білім грантына ілінбеген талапкер несие арқылы оқи алады.
Келесі жылдан мемлекеттік білім грантына ілінбеген талапкер несие арқылы оқи алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
«Осы жылдан бастап пайызсыз несие жүйесі іске асырылатын болды. Толыққанды тетіктерін пысықтадық. «Отбасы банкі» және өзге де бірнеше банк осы жүйеге қосылады. Айталық, енді талапкер грантқа ілінбей қалды немесе ақылы түрде оқуға ақшасы жоқ. Осыларға ұсынылады. Биыл 0 пайызбен бастаймыз. Келесі жылдан 1-2 пайыз мөлшерлемемен ғана ұзақмерзімді несие алуға болады. АҚШ-та student loan деген жүйе бар. Көп адам соны пайдаланады. Енді бізде де осындай тетік пайдаланылады», - деді Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар ол келесі аптада Мәжілісте «Келешек» жинақтаушы» жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы 1-оқылымда талқыланатындығын атап өтті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Жыл соңына дейін заң қабылданған жағдайда келесі жылдың 1-тоқсанында «Келешек» жинақтаушы жүйесі іске қосылады», - деді министр.