$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

«Starlink адам өмірін құтқарады»: Илон Маск Қазақстандағы оқиға туралы жазды

Редактор
09.11.2026, 19:23
Видеодан скрин
Видеодан скрин
Илон Маск Қазақстандағы бес адамның құтқарылғанына назар аударды

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған бес адамның құтқарылу оқиғасы америкалық кәсіпкер, SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың назарын аударды. Ол спутниктік интернеттің адам өмірін сақтап қалуға көмектескенін атап өтті, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Мәселе 2026 жылғы қазанда Күршім ауданында болған оқиға туралы. Бес адам мінген жол талғамайтын көлік Қыстау-Күршім ауылынан шамамен 15 шақырым жерде бұзылып қалған. Аталған аумақта ұялы байланыс болмағандықтан, олар Starlink спутниктік интернеті арқылы құтқарушыларға хабар берген.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына «Трэкол» арнайы көлігімен жету үшін шамамен 100 шақырым жол жүрген. Нәтижесінде бес адам да аман-есен Қыстау-Күршім ауылына жеткізілген. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмаған.

Арада бірнеше күн өткен соң, 8 қарашада DogeDesigner есімді қолданушы осы құтқару оқиғасы туралы X әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Оған Илон Маск назар аударып, жазбаны бөлісті.

«Starlink адам өмірін құтқарады», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Starlink – SpaceX компаниясының төмен орбиталы спутниктер арқылы интернет ұсынатын жүйесі. Мұндай технология дәстүрлі ұялы байланыс желісі қолжетімсіз шалғай аумақтарда интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау