Спорт

Спортқа бөлінген миллиондар желге ұшқан: Бірнеше өңірде басқарма басшылары қамалды

19:01, 30 сәуір 2025 91

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спортты қаржыландыруға қатысты мемлекеттік ұйымдарды тексеруді тұрақты жүргізуде. Мақсат – бюджет қаржысының ашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.

2025 жылдың басынан бері спорт саласында 18 қылмыстық іс тіркеліп, келтірілген шығын 800 млн теңгеден асты. Анықталған схемалар:
– жалған оқу-жаттығу жиындары,
– «өлі жандарға» жалақы есептеу,
– қымбат жабдықтарды асыра бағамен сатып алу.

Ірі істер:

  • Атырауда облыстық спорт басқармасының экс-басшысы Д. Қоспанов пен жаттықтырушы Н. Майлашев пара мен ақша жымқыру ісі бойынша тиісінше 4 және 3 жылға сотталды.

  • Қарағандыда футбол мектебі басшысы Б. Нұрланов жалған жиындар арқылы 3 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • «Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 397 млн теңге жымқырды деген күдікпен сотқа жіберілді.

  • Алматыда спорт басқармасының бұрынғы басшысы 8 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз