Қаза тапқан Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадыровадан бүгін сотта жауап алынды. Осыдан соң жәбірленушінің денсаулығы нашарлап кеткен деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Яғни, сот залынан шыққаннан кейін Шерзаттың әжесі есінен танып қалған. Оны жақындары қолмен көтеріп, жедел жәрдем көлігіне жеткізген.
Жұмабике Қадырова бүгін сотта көз жасын тия алмады. Қаржаубай Нұрымов анасына араша түсіп, айыпталушылардың қорғаушылары «негізсіз сұрақтар қойып жатыр» деп наразылық білдірді.
Еске салайық, кеше де Шерзаттың әжесінің қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген болатын. Ол денсаулығына байланысты Талдықорғанға қатынау қиын екенін алға тартып, істі Алматыда қарауды сұраған еді.