Сот залынан қашып кетті: Алматы облысында кісі зорлау дерегі бойынша күдікті іздестіріліп жатыр

Редактор
1 апр. 2025 г., 19:32
Сот залынан қашып кетті: Алматы облысында кісі зорлау дерегі бойынша күдікті іздестіріліп жатыр

Кісі зорлады деп айыпталған ер адам Қаскелеңдегі Қарасай аудандық сотының ғимаратынан бүгін таңертең қашып кеткен. Қазір оны полицейлер жан-жақтан іздестіріп жатыр деп хабарлайды EGOV.PRESS-ке сілтеме жасап Bairaqmedia.kz

Telegram-арна таратқан мәліметке сәйкес, қашқын бүгін сағат 10:35 шамасында із суытқан. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігімен көзделген зорлау дерегі бойынша күдікті екен. 1995 жылы туған қашқын сотқа дейінгі қамауда отырған. 

Қазір полицейлер «Сирена» деп аталатын арнайы жоспар енгізіп, іздеу жұмыстарына кірісті. Күдіктіні көргендер болса, 102-ге хабар беруін сұрайды.