Жол-көлік оқиғасына қатысушы Рамазан Инфуровқа қатысты қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылды. Аталған іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Ақтөбе облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Сот алқабилердің Рамазан Инфуровты кінәсіз деп таныған үкімі негізінде шешім қабылдады.
Еске салайық, Инфуров жол қозғалысы қағидаларын бұзып, салдарынан 4 адамның, оның ішінде 3 кәмелетке толмағанның қаза болуына әкеп соққан әрекеті үшін сотқа берілген болатын.
2024 жылы аталған жол-көлік оқиғасы бойынша жеңіл автокөлік жүргізушісі айыпталған, алайда жүк көлігі жүргізушісінің кінәсін көрсеткен куәгердің тұрақты айғақтарын ескере отырып, сот оны ақтаған. Осыған байланысты Рамазан Инфуровқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған болатын.
Жақында жарияланған сот репортажын істің барлық мән-жайларын ескермей біржақты, тергеуші мен мемлекеттік айыптаушыға теріс бағамен берілген. Сонымен қатар, осы сот процесі туралы журналисттің мақаласы сотқа қысым көрсету ретінде бағалануы мүмкін. Шығарылған үкімге байланысты облыстық прокуратура оны жою мақсатында Ақтөбе облыстық сотына апелляциялық өтінішхат келтірді. Аталған қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешімді жоғары тұрған сот сатысы қабылдайды, делінген хабарламада.