Петропавлда ер адам 7-қабаттың терезесінен құлап кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Крепостная көшесіндегі үйлердің бірінде болған.
Желідегі мәліметке сүйенсек, 55 жастағы ер адам жетінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, оқиға орнында қаза тапқан.
Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жүргізіп жатыр.
Әзірге өзге мәліметтер жарияланған жоқ.