Қоғам

Шымкентте вагон сүйреуден әлем рекорды жаңарды

22:13, 05 мамыр 2025 17

Шымкентте вагон сүйреуден әлем рекорды жаңарды. 52 жастағы спортшы Артық Досалиев 120 тонна болатын 5 вагонды 21 метрден артық қашықтыққа сүйреп, Гиннестің рекордтар кітабына кірді деп хабарлайды bairaqmedia.kz


Пауерлифтингтен 5 дүркін әлем, 8 дүркін Азия чемпионы Артық Досалиев вагон сүйреуден осыған дейін де 3 мәрте әлемдік рекорд орнатқан екен. Бүгінгі шараны жеңістің 80 жылдығына арнаған спортшы 120 тоннаны сүйреуге бір жылдан бері дайындалғанын айтады.

Негізгі меже 20 метрге сүйреу болғанымен 52 жасар қара күш иесі 21 метр 40 сантиметр 2 минут 57 секундта тартты. Гиннестің рекордтар кітабы Халықаралық ұйымның ресми өкілдері Артық Досалиевке шара соңында арнайы сертификат табыстап, екі жылда жаңарып тұратын кітабына енгізетінін жеткізді. Ал, елуді еңсерген қара күш иесі мұнымен тоқтамаймын деп отыр.

Ендігі жылға да осындай Жеңістердің қарсаңында 6,7, 10-20 вагонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын. Алда әлі жүк боингтар сүйрейміз. Ақтауға барып танкер сүйрейміз құдай қаласа. Жастарға үлгі болайын, мотивация берейін ой ғой. Мына жастарымызға айтарым: жасқа қарамай 60-70 жасқа дейін спортпен айналысуға болады екен. Ешқандай шектеу жоқ екен жаста. Спортпен айналысыңыздар. Мықты болыңыздар, - деді Артық Досалиев.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз