Қоғам

Шымкентте туған балаларын аяусыз азаптаған әйел ата-ана құқығынан айырылды

11:25, 22 қаңтар 2026 90

Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде әртүрлі жастағы балалардың күйік шалғаны және көптеген дене жарақаттары бейнеленген видео тарағаннан кейін кәмелетке толмаған балалар отбасынан алынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Балалар 29 жастағы анасынан 9 және 11 жастағы екі баланың мектепке бармай қойғаны анықталған соң алынды. Оқушылардың сабаққа келмегенін алғаш байқаған мұғалімдер жағдай туралы уәкілетті органдарға хабар берген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар дәрігерлердің бақылауымен ауруханада, ал жас балалар Сәбилер үйінде орналастырылды. Сонымен қатар әйелді ата-ана құқықтарынан айыру рәсімін бастау үшін тиісті органдарға материалдар жолданды, – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз