Қоғам

Шетелге сатылып кеткен Жәнібек ісін марқұм Шерзаттың адвокаты қолға алды

15:00, 06 шілде 2025 14

Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты болған заңгер енді туғанында сатылып кеткен Жәнібекке қатысты істі де қолға алды. Бұл туралы журналист Қымбат Досжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жалғыз өзім күресіп, қиналып кеткенім рас, өйткені, жәбірленушінің ресми өкілі ретінде іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндеттімін. Ендігі уақытта білімді, білікті заңгермен бірлесіп, күрмеуі қиын бұл оқиғаның шешімін табамыз деп сенемін. Біз әділ шешім қабылданғанын талап етеміз. Аталған іске қатысты ресми әрі нақты мәліметті менің, Жәнібектің және Мейірман Қалмаханұлының ғана парақшасынан біліп отырасыздар, - деп жазды журналист.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз