Қоғам

«Шешеңді бауыздап кетемін деген»: Талғарда кісі өлтірген күдіктінің анасы өз шындығын айтты

12:11, 13 қыркүйек 2025 39

Талғардағы қанды оқиғаға байланысты басты күдікті саналатын Еламан Айгазиновтің анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Тергеу дерегінше, 6 қыркүйек күні ол 30 жастағы азаматты өлтіріп, марқұмның жиенін кепілге алған. Айғақтар бойынша күдікті жалғыз емес, кәмелетке толмаған екі жасөспіріммен бірге барған.

Қазіргі таңда полиция оларды да жауапқа тартып, үшеуі изоляторға қамалды. Сонымен қатар, күдікті жасаған әрекеті туралы анасымен өзі хабарласқаны белгілі болды.

«Мама, мен кісі өлтіріп қойдым, алып кетші» деді. «Неге олай істедің?» деп едім, «Мама үш күннің ішінде Талғардан кетпесеңдер, шешеңді бауыздап кетемін» деп айтты. Мен қалай шыдаймын? Шыдамадым» деді. Еламан көлік жөндеумен айналысады. Интимді суреттерді туыстарына жібергені рас. Ол да ана, мен де анамын. Әркім өз баласын ойлайды», – дейді анасы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз