Танымал заңгер Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Полаттың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған блогерге тағы бір сот шешімі шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол әлеуметтік желілерде "Доктор" деген лақап атпен танылған.
«Докторға қатысты тағы бір сот шешімі шықты. Бұл жеңістің дәмі бөлек! Қаржаубайға жала жауып 20 тәулікке қамалған "Доктор" бостандыққа шыққаннан соң, тағы бір сот шешімін орындауға міндеттелді . Бұл сот шешімінің кереметтілігі, Шерзаттың отбасын тоқтаусыз қаралаған "Доктор" жариялы түрде Қаржаубайдан кешірім сұрауға міндеттелді. Ал 400 000 теңге моральдық шығын және 500 000 теңге өкілдік қызмет ретінде төлеуге міндеттелгені оның қасында жәй түкке тұрмайтын жеңістердің бірі ғой», - деп жазды заңгер.
Айта кетейік, “Доктор” лақап атымен танылған азамат Қаржаубай Нұрымовтың отбасын ұзақ уақыт бойы аңдып, түрлі арандатушылық әрекеттер жасаған