Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың ата-анасының адвокаты Мейірман Шекеев аппеляциялық соттың үкіміне толықтай келісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Сот шешімімен толықтай келісеміз. Бірінші сатының үкімі шыққанда да біз келіскенбіз, осыған қанағат тұтамыз. Шерзат пен Нұрқанаттың әруағы риза болсын. Жәбірленуші тарап бұл үкіммен келіседі. Енді сотталушы тарап аппеляцияға өтініш бере алмайды, тек жоғары сотқа кассация тәртібінде жүгіне алады», — деді қорғаушы.
Сонымен қатар ол Шерзаттың отбасы енді моральдық шығынды өндіріп алуға болатынын атап өтті.