Қоғам

Шерзаттың әкесі соттың әділ өтетініне күмәнмен қарайды

13:03, 10 сәуір 2025 91

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов соттың әділ шешім шығаратынына күмән келтіретінін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Cондай-ақ, марқұмның жақындары соттың ашық өткенін қалайды.

Айта кетсек, алдын-ала сот тыңдалымы сағат 12:00-ге белгіленгенімен, кешігіп басталды. Бірақ сот залына журналистер жіберілген жоқ. Тілшілер басқа кабинетте онлайн бақылап отыр.   

Сонымен бірге Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымова қазір күдікті саны 9 адам екенін айты. Әрі олар ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде қаралса дейді.

Еске сала кетсек, қылмыстық іс Алматы облысы Талғар қаласында тіркелсе де, сот процесі Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында қаралып жатыр. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз